Kyzylorda-news.kz Бүгін спортшылар үшін ең биік шың саналатын XXXIII жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты Франция елінде өтеді. Қазақ елінің намысын 80-ге жуық спортшы қорғамақ. Көк туды ашық алаңда көтеріп шығатын қазақ спортшыларын тікелей эфирде қолдағыңыз келсе, сағат 22:30-да Хабар мен El arna телеарналарын қосыңыздар деп хабарлайды Kyzlorda-news.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы олимпиаданың ашылу салтанындағы басты ерекшелік әр елдің өз қайығы болады. Міне, осы қайықта қазақ елінің туын бокс құрама командасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлетикадан спорт шебері Ольга Сафронова ұстайды. Ал, ашылу салтанын Хабар арнасында Жандос Айтбайұлы мен Асхан Жақаев жүргізеді. Тікелей эфир қонағы - Олимпиада ойындарына дайындық жөніндегі штаб басшысы Елсияр Қанағатов.