Kyzylorda-news.kz 15 тамыз – Спорт күні мерекесіне орай “Ұлттық мұра” жобасы аясында ұлттық спорты дамытып, партия филиалымен тығыз байлыста жұмыс жасап жүрген спортшыларды марапаттап, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы атынан алғыс білдіру шарасы өтті.
Іс-шара барысында партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева сөз сөйлеп, спортшылардың аудан намысын қорғаудағы жетістіктерін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Жалағаш аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Еркен Жантуғанов спорт саласындағы табысты еңбектері үшін спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Бұл – спортты серік еткен азаматтарға көрсетілген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі.