Kyzylorda-news.kz 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Сыр өңірінде «Бірлік марафоны» ұйымдастырылды. Татулық пен ынтымақты ту еткен жалпыхалықтық марафонға Қызылорда облысынан бөлек Ақмола, Абай облыстарының тұрғындары қатысып, барлығы 1000-ға жуық адам жарыс алаңына шықты.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастамасымен өткен шараның негізгі мақсаты – ел бірлігін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру.

Марафон шаһардың сол жағалауында ұйымдастырылып, қатысушылар 5 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бірлік марафоны 2.jpgБірлік марафоны 3.jpg

 

Тағы да оқыңыз: