**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)**[.](https://kyzylorda-news.kz/) **«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Олардың қатарында қызылордалық спортшылар да бар.** ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 қарашадағы №868 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын берілді. Айта кетерлігі, сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін жастарға беріледі. **«Эстрада» номинациясы бойынша** Әділхан Құрманғалиұлы Макин – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 3-курс студенті Марат Төреханұлы Айтімбай – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі, конферансье «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Данара Ерұланқызы Мұсахан – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Музыкатану және композиция» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD)  Әзімбек Қалдыбекұлы Жамбаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 1-курс магистранты **«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша** Мейірбек Бектұрсынұлы Сұлтанхан – айтыскер Жарас Болатұлы Сатыбалдиев – «Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әртісі, дирижер **«Әдебиет» номинациясы бойынша**  Жадыра Төкенқызы Байбұланова – «Хабар агенттігі» акционерлік қоғамы «Хабар 24» телеарнасының редакторы  Бекзат Болатжанұлы Смағұлов – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті музыка өнері басқармасының сарапшысы **«Театр және кино» номинациясы бойынша** Алтынгүл Ерболқызы Серкебаева – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актрисасы Аян Өмірәлі Өтепберген – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының актері  «**Спорт» номинациясы бойынша** Элизабет Байтаққызы Тұрсынбаева – мәнерлеп сырғанаудан 2019 әлем вице-чемпионы, Төрт құрлық чемпионатының күміс жүлдегері, қысқы Универсиада-2019 күміс жүлдегері Қамшыбек Бисенбайұлы Қоңқабаев – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (2017, 2019), бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының капитаны **«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша** Айжан Қуанышәліқызы Жүзбай – «Жүзбай дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас дизайнер, «Қазақ сән қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Сырым Еламанұлы Мүсіреп – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Мүсін» мамандығы бойынша 4-курс студенті «Журналистика» номинациясы бойынша Мырзабек Нағашыбекұлы Түсіпов – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі бөлімінің редакторы Айбек Серікұлы Тасқалиев- Ақтөбе облыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газетінің тілшісі «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша. Нұрсұлтан Құдайбергенұлы Ибрагимов – «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысы.  Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы – «Қазақстанның студенттер альянсы» республикалық студенттік қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің президенті. **«Ғылым» номинациясы бойынша** Қанат Нұрлан – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Өкілетті өкілінің бағыты бойынша «Біріккен ядролық зерттеулер институты» халықаралық үкіметаралық ұйымын Н. Н. Боголюбов атындағы теориялық физика зертханасының кіші ғылыми қызметкері. Ерасыл Ерланұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының 2-курс PhD докторанты. Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2019 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңге сомасында белгіленген.