Қызылордада шағын футболдан қайырымдылық ойыны ұйымдастырылды (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада шағын футболдан қайырымдылық ойыны ұйымдастырылды (ФОТО)

20.01.2020, 15:40

173 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада шағын футбол ойын ұйымдастырылды. Оған 23 команда қатысты. Қайырымдылық футболы «Евразия» және «Сейхун» мәдени спорт кешенінде өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.  Жастар арасында кең тараған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік екендігін ескерсек, еріктілер жылы аясында облысымыздың белсенді жастары алаңда доп теуіп те, қайырымды іс жасауға болатынын көрсетті.

«Бүгін – қайырымдылықты жанына жалау етіп, масылдықты жою мақсатында аянбай тер төгіп жүрген жастардың басы қосылды.   Турнирдің басты мақсаты – Сабалақ саяжайында үйі өртеніп, үйсіз қалған жас отбасыға көмектесу яғни турнирден жиналған қаржыны жас отбасыға табыстаймыз», – дейді турнирдің ұйымдастырушылары.

0

Пікір қалдыру