**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Қызылордада шағын футбол ойын ұйымдастырылды. Оған 23 команда қатысты. Қайырымдылық футболы «Евразия» және «Сейхун» мәдени спорт кешенінде өтті.** Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.  Жастар арасында кең тараған бағыттың тағы бірі – спорттық еріктілік екендігін ескерсек, еріктілер жылы аясында облысымыздың белсенді жастары алаңда доп теуіп те, қайырымды іс жасауға болатынын көрсетті. > _«Бүгін – қайырымдылықты жанына жалау етіп, масылдықты жою мақсатында аянбай тер төгіп жүрген жастардың басы қосылды.   Турнирдің басты мақсаты – Сабалақ саяжайында үйі өртеніп, үйсіз қалған жас отбасыға көмектесу яғни турнирден жиналған қаржыны жас отбасыға табыстаймыз», – дейді турнирдің ұйымдастырушылары._ ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2020/01/20kairymfoot2.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2020/01/20kairymfoot3.jpg) ![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2020/01/20kairymfoot4.jpg)