Kyzylorda-news.kz. “Мұз айдыны” спорт кешенінде гір көтеру жəне қол күресінен ересектер арасында ҚР кубогы өтуде.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 300-дей спортшы 30 салмақ дəрежесінде күш сынасуда.

Ел кубогының ашылу салтанатына облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов пен гір көтеру жəне қол күресінен ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Серік Ерішұлы қатысып, қатысушыларға сəттілік тіледі.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Дене шынықтыру жəне спорт комитетінің диплом, медаль, кубогымен марапатталады.

Бүгін гір спорты сайысы жеңімпаздарының есімі белгілі болады.

Тағы да оқыңыз: