Kyzylorda-news.kz. «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XIІI облыстық «Алтын белбеу» сайысы өтті.

Өңіріміздің барлық аймағынан құралған 9 командадан 200-ден аса ең мықты балуандар өзара белдесті.

Ауыр салмақта өнер көрсететін түйе палуандар сайысына қатысқан 16 спортшының арасынан 1 орын «Сыр барысы» – Мақсат Исақабыловқа бұйырды. 2-орынды «Сыр арланы» Нұрым Сәлімгереев жеңіп алды. 3-орынды «Сыр сұңқары» – Жұмахан Сағыныш иемденді.

Сонымен, «Алтын белбеу» белдігінің иегері Қызылордалық Мақсат Исағабылов атанды.

1 және 2-орын алған балуандар 3 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Қос спортшы “Астана күні” мерекесі қарсаңында ел астанасында облыс намысын қорғайтын болады.

Тағы да оқыңыз: