Kyzylorda-news.kz ХХХІІІ Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты аясында Олимпиада туы 2028 жылы ойындарды қабылдайтын қалаға табыс етілді, деп хабарлайды КазИнформ.
2024 жылғы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстанге мен Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах сөз сөйлегеннен кейін Олимпиада әнұраны шырқалды.
Фото: видеодан кадрФото: видеодан кадр
Одан кейін Олимпиада туын тапсыру рәсімі өтті.
Фото: видеодан кадр
Олимпиада туының тапсырылуы жабылу салтанатындағы символикалық сәт болып есептеледі. Лос-Анджелес келесі Олимпиада ойындарын қабылдайтын қала болды.
Париж мэрі Анн Идальго мен Лос-Анджелес мэрі Карен Басс, Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах сахнаға шықты.
Осыдан кейін Анн Идальго Олимпиада туын Томас Бахқа тапсырды, ал ол Карен Бассқа тапсырды.
Содан кейін H.E.R сахналық атымен танымал америкалық әнші Габриэлла Сармьенто Уилсон АҚШ әнұранын орындады.
Фото: видеодан кадр