Kyzylorda-news.kz  Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жеңісті сәттен кейін қуанышымен бөлісті. Бұл туралы KAZINFORM хабарлады.

«Мен көздеген бар мақсатыма қол жеткіздім. Бүгін мен үшін де, ел спорты үшін де тарихи сәт. Бұл күндер мәңгі жүректе қалады. Мәңгі ұмытылмайды. Өте, өте қуанышта тұрмын. Мен елдің үмітін ақтай алдым», - деді Сметов жарыстан кейін ағынан жарылып.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Елдос Сметов Қазақстан спортшыларынан бірінші болып Париж Олимпиадасының алтынын жеңіп алды.

Тағы да оқыңыз: