Фото Т.Қасымовтікі

Kyzylorda-news.kz. 13 жасар аралдық Ақылжан Мейірханұлы шахматта ширақ. Ол  Түркістан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионатында классикадан алтын, рапидтен күміс жүлдегер атанды. Ақылжан енді Бразилияда өтетін шахматтан әлем чемпионатына қатысады. 


Ол - Ж.Әбдірашев атындағы N62 Арал мектеп-лицейінің оқушысы.  Жарыстың бас төрешісі Тимур Қасымовтың айтуынша, республикалық чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 110 жас шахматшы қатысты. 

Ақылжанның бапкері – әкесі Мейірхан Бармағамбетов.
 

Тағы да оқыңыз: