Kyzylorda-news.kz.  Бүгін «Евразия» спорт кешенінде Қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» жарысы өтті.

Жарысты облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов ашып, Сыр өңірінде бастау алған «Алтын белбеудің» маңыздылығына тоқталып өтті. Сонымен бірге, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, облыстық мәслихат депутаты Садық Мұстафа Сыр өлкесінің палуандары өз мықтылықтарын дәлелдеп, үш рет «Қазақстан барысы» титулына ие болғандығы, өңірде осы спорт түрінің даму қарқынын көрсететінін айтты.

Бұл жарыстың 1-ші, 2-ші орын иегерлері шілде айында Астана төрінде болатын республикалық «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алды. Былтыр осы жарыс жеңімпазы Мақсат Исағабылов «Қазақстан барысы 2022» атанған болатын.

Қазақ күресінен өткен «Алтын белбеу» облыстық ақтық жарысының жеңімпазы 106 кг Қармақшылық Айбек Серікбаев.

Айбек Серікбаев беліне алтын белбеу тағып, Сыр барысы атанды. Сондай-ақ, 140 кг Қармақшылық Еламан Ерғалиев 2-ші орын иеленіп, Сыр арланы атанса, жүлделі 3-орынды 116кг Қызылордалық Нұрым Сәлімгереев иеленіп, Сыр сұңқары болды.

«Түйе палуандар» сайысының жүлде қоры:

1-орынға 1 млн. теңге

2-орынға 700 мың теңге

3-орынға 400 мың теңге

Дәстүрлі түрде жыл сайын шілде айында Астана төрінде өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турниріне биыл өңірімізден Айбек Серікбаев пен Еламан Ерғалиев барып, Сыр намысын қорғамақ. Сонымен қатар, әрине «Қазақстан барысы 2022» Мақсат Исағабылов та аталмыш турнирде өз титулын қорғап, бағын сынайтын болады. 

Айта кетейік, бүгінгі «Алтын белбеу» жарысы Сыр елінде он төртінші рет өткізілуде. Облыстық ақтық жарысқа іріктеу ауылдарда, аудандарда өтіп, 4 жас ерекшеліктері бойынша кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген палуандар таңдалып алынды. Екі күнге созылған жарысқа 350 спортшы қатысты.

345629534_5596899350410043_9127919175207072720_n.jpg

 

345665081_625446166164502_8514093508933774195_n.jpg

 

 

Тағы да оқыңыз: