Kyzylorda-news.kz. Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Жазғы Азия ойындарынан ақ жолтай жаңалық жетті. Аспан асты елінде жерлесіміз, дзюдошы Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қола жүлде еншіледі.
Шешуші сәтте өзбекстандық Мусо Собировтан айласын асырған Абылайхан Қазақстан қоржынына төртінші қола жүлдені салып отыр.
Айта кетейік, ел мақтанышы жыл басынан бері Грузия мемлекетінде өткен “GRAND SLAM” бәсекесінде күміс жүлдеге және Моңголия еліндегі “GRAND SLAM” додасында қола жүлдеге ие болды.