Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында өткен ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасында 108 ұпай жинаған аудан құрамасы жеңімпаз атанды.

Қазалылықтар футбол, қол добы, тоғызқұмалақ, баскетболдан әйелдер командасы, үстел теннисінен жеңіс тұғырынан көрініп, 1 орын алды. 

Ал, баскетболдан ерлер командасы, шахмат 2 орынға, бес асық, асық ату, қол күресі, волейболдан ерлер командасы 3 орынға қол жеткізді.

Қазалы ауданында ауыл спортшыларының «Алтын күз – 2022» спартакиадасы аяқталды. Спорттың 18 түрін қамтитын бұл бәсекеде аймақтың барлық аудандарының құрама командалары өнер көрсетті. 

Бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын арттыру мақсатында өткізілген спартакиадаға 1000-нан астам ауыл спортшылары қатысты. 

Жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпы командалық есепте 108 ұпаймен Қазалы ауданының  командасы – бірінші, 103 ұпаймен Жаңақорған ауданы – екінші, ал 101 ұпаймен Жалағаш ауданы үшінші орынға  ие  болды. Ал, 4 орынды Сырдария ауданы, 5 орын Қармақшы, 6 орын Шиелі, 7 орын Арал ауданының командалары иеленді. 

Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларды аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Ғалым Сихымов құттықтап, марапаттарын табыстады.

Қазалы ауданының командасы футбол, қол добы, үстел теннисі, тоғызққмалақ, баскетболдан әйелдер командасы жеңіс тұғырынан көрініп, 1 орын алды. Ал, баскетболдан ерлер командасы, шахмат 2 орынға, бес асық, асық ату, қол күресі, волейболдан ерлер командасы 3 орынға қол жеткізді.

309433538_3478875272333395_3488149467711970459_n.jpg

Тағы да оқыңыз: