Kyzylorda-news.kz. Қатарда өткен әлем чемпионатында жартылай финалда Хорватия құрамасы Марокко құрамасын ұтып, үшінші орынды иеленді.
Катар астанасы Дохадағы Халифа халықаралық стадионында өткен 3 орын үшін ойын 2:1 есебімен еуропалық команданың пайдасына аяқталды.
Жалпы, ойын өте тартысты өтті. Екі команда футболшыларының техникалық-психологиялық дайындықтары жоғары екендігі көрінді. Кездесудің басында командалар әдемі айып соққыларынан кейін жылдам голдармен алмасты. Бірінші голды Йошка Гвардиол күрделі комбинациямен сәтті аяқтады, содан кейін Ашраф Дари хорваттарға жауап голын соқты. Матчтың 42-минутында хорваттық Мисслав Орсич дәл соққымен Еуропа құрамасын тағы да алға шығарды.
Екінші кезеңде де хорватиялықтар тізгінді өз қолынан шығармауға тырысты. Екі құраманың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болды.
Осылайша, тартысты ойында Хорватия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, футболдан Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік,18 желтоқсанда Лусаил қаласында Аргентина мен Франция құрамалары футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалында ойнайды. Аргентина - Франция матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталып, Qazaqstan және Qazsport телеарналарында көруге болады.