Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасына бармайды деп деп хабарлайды Kyzlorda-news.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу белгіленбеген, - деді Берік Уәли.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиаданың ашылу салтанаты бүгін Қазақстан уақыты бойынша 22:30-да басталады. Ол үш сағаттан астам уақытқа созылмақ.