Kyzylorda-news.kz Жуырда Шиелідегі Көкшоқы мөлтек ауданындағы спорт кешенінде «Қайсар-Шиелі» және Алматылық «Жас Қыран» командалары өзара бақ сынасты. Тартысты ойын шиеліліктердің пайдасына 4-3 есебімен аяқталды.

Ойынға жергілікті команданы қолдап келген жанкүйерлердің қарасы қалың болды. Сондай-ақ, ойынды тамашалау үшін арнайы Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов, және тағы басқа спорт саласының ардагерлері келіп қатысты.

Алғашқы кезеңнен кейін 1-3 есебімен есе жіберіп жатқан Шиелінің аяқ допшылары екінші кезеңде ойын есебін толықтай өзгертті. Ал, 81 минутта соңғы голды шиелілік футболшы Саят Жахмуров соғып, таблодағы есепті жеңісті нәтижеге жеткізді. 

Міне, осылайша біздің аяқ допшылар 6 турдан кейін 11 ұпаймен көш бастап тұр.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын дәл осы алаңда QFL Екінші лигасының маусымашар ойыны өткен болатын. Ысқырық шалынған сәттен бастап қос ұжым кезек-кезек қарымта шабуылдар жасаумен болды. Дегенмен екі ұжымның да сұрмергендері қақпаның кілтін бірден таба алмай, алғашқы 45 минуттық 0-0 есебімен аяқталған-ды. Үзілістен кейін қайта оралған команда ойыншылары алдымен Қайсар-Шиелі командасының қақпасына орнығып, бірнеше қауыпты шабуылдар жасаса, соңғы 10 минутта Қайсар-Шиелі командасы есеп ашатын бірнеше мүмкіндікке ие болды. Алайда, қақпашылар қырағылық танытып, таблода есеп өзгеріссіз қалды. Яғни қос команда бір-бір ұпайдан еншілеп, 0-0 есебімен тең тарқасқан. 

Ал кешегі өткен кездесуде «Қайсар-Шиелі» командасы камбэк жасады.

Тағы да оқыңыз: