Алдағы демалыс күндері, 7 және 8 наурызда Премьер-Лига командалары бірінші турдың сегіз матчымен футболдан Қазақстан чемпионатын бастайды.

Қызылорданың "Қайсар" клубы футбол маусымын өз алаңында елордалық "Жеңіс" және "Астана" ойындарымен бастайды.

Бірінші турда: 7 наурыз (сенбі) күні – "Оқжетпес" (Көкшетау) - "Елімай" (Семей), "Алтай" (Өскемен) - "Қайрат" (Алматы), "Ақтөбе" - "Тобыл" (Қостанай), "Ордабасы" (Шымкент) - "Ертіс" (Павлодар), 8 наурыз (жексенбі) күні - "Қайсар" - "Жеңіс", "Қызылжар" (Петропавл) - "Каспий" (Ақтау), "Атырау" - "Ұлытау" (Жезқазған) және "Астана" - "Жетісу" (Талдықорған) кездеседі.

Екінші тур матчтары 16-17 наурызға жоспарланған.

"Қайсардың"сапында келесі ойыншылар өнер көрсетеді – қақпашылар: № 1 Нұрымжан Салайдин, №16 Айқын Әжіхан, №40 Адам Ковач (Словакия); қорғаушылар: №3 Абылайхан Төлегенов, №5 Әділет Кеңесбек, №12 Сағи Совет, №15 Нияз Ыдырысов, № 51 Әмір Мұхаммед (Ресей), № 82 Ринат Ақберген, №93 Сұлтан Асқаров; жартылай қорғаушылар: № 6 Ерсұлтан Қалдыбеков, № 8 Айбол Әбикен, №10 Думан Нарзилдаев, № 11 Виктор Мозес, № 14 Томас Джонс (Чили), № 17 Саламат Жұмабеков, №21 Никола Цуцкич (Сербия), №21 Димаш Серікұлы, №23 Мүслім Жұмат, № 47 Бақдәулет Көнілімқос; шабуылшылар: № 7 Батырхан Тәжібай, №9 Нұрдәулет Ағзамбаев, №18 Дінмұхаммед Рүстемұлы, №19 Әлімжан Ерден, № 19 Әлияр Мұхамед. 

Команданың бас жаттықтырушысы - Андрей Ферапонтов. "Қайсар" - "Жеңіс" ойыны сағат 16:00-де KAYSAR ARENA стадионында өтеді.

Айдос АБСАТ

Тағы да оқыңыз: