Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік боксшымен шаршы алаңға шығады – Kyzylorda News
Басты бет

Бүгін Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік боксшымен шаршы алаңға шығады

01.08.2021, 11:30

597 0

Kyzylorda-news.kz. Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) бүгін ресейлік Иван Верясовпен шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қамшыбек Қоңқабаевтың бүгінгі қарсыласы Иван Верясов 1993 жылы дүниеге келген. Әуесқой бокста қазірге дейін 281 жекпе-жек өткізіп, оның 255-де жеңіске жеткен болатын. Әзірге әлемдік және құрлықтық чемпионаттарда жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.

Айта кетсек, биылғы Олимпиадада ол 1/8 финалда камерундық Максим Йеньонг Ньиейо 5:0 есебімен басым түскен еді.

Қамшыбек Қоңқабаев 1991 жылы дүниеге келген. Бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте (2017, 2019), Азия чемпионатында үш мәрте (2017, 2019, 2020) күміс жүлдегер атанды.

Қамшыбек бұдан бұрынғы жекпе-жегіне дейін египеттік боксшы Юсри Резк Мұстафа Хафезді қапы қалдырып кетті.

Екі боксшының жекпе-жегі бүгін, 1 тамызда сағат 16:24-ке белгіленген.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Қамшыбектен өзге Сәкен Бибосынов (52 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жарысты жалғастыруда.

Ал Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) қарсыласына есе жіберіп қойды.

Қыздарда Надежда Рябец (75 келі) алғашқы кездесуде жеңіліп қалды.

0

Пікір қалдыру