Kyzylorda-news.kz Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 20 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстанда төртінші орынға ие болды. Бірінші орында – Қытай (32 алтын, 27 күміс пен 26 қола), екінші орында – Оңтүстік Корея (16-15-14), ал Жапония (10-12-15) Азия ойындарын үшінші орында аяқтады.

Айта кетері, осы жолы Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс пен 7 қола медаль бар. Азиаданың соңғы күні хоккейшілер ел қоржынына төртінші алтын салды.

Бүгін Қазақстанның хоккейден әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Ал еліміздің хоккейден ерлер құрамасы Азия ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Тағы да оқыңыз: