Kyzylorda-news.kz Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы ресми түрде Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А тобындағы екінші кездесуде Жапония мен мен Қытай құрамалары кім мықтыны анықтады. 

Матчтың басты фавориті саналған жапониялықтар 8:1 есебімен жеңіске жетіп, қысқы Азия ойындарының алтын медалін мойындарына тақты. Ал А тобында екі ойында жеңіске жеткен Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. 

13:30, 14 Ақпан 2025 | GMT +5
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды
ХАРБИН. KAZINFORM – Хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы ресми түрде Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді. 

А тобындағы екінші кездесуде Жапония мен мен Қытай құрамалары кім мықтыны анықтады. 

Матчтың басты фавориті саналған жапониялықтар 8:1 есебімен жеңіске жетіп, қысқы Азия ойындарының алтын медалін мойындарына тақты. Ал А тобында екі ойында жеңіске жеткен Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге қол жеткізді. 
Төрт ойынның біреуінде жеңіске жеткен Қытай құрамасы қола медалді қанағат тұтты. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан құрамасы А тобының соңғы матчында Оңтүстік Кореяны 3:0 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, қыздарымыз А тобындағы алғашқы ойында Жапонияға 0:4 есебімен жол берген болатын. Ал Қытай құрамасына қарсы ойында қазақстандықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Фото: Сали Сабыров

Тағы да оқыңыз: