Kyzylorda-news.kz.  Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлерімен бірге арнайы жаттығу өткізді.

Қаланың спорт-сауықтыру кешенінің фитнес залында өткен жаттығу барысында  әлем чемпионы қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, спорттағы жаттығудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, бірге жаттығу жасап, спортшы қызықты сәттерімен бөлісті.

«Маған сіздерден ұсыныс түскенде қатты қуандым. Бірден келісімімді де бердім. Білгенімді үйретіп, кішкене болса да көмегім тиіп жатса бұл мен үшін қуаныш. Қазіргі таңда Астана қаласынан жеке зал ашып, сонда жаттықтырушы болып жүрмін. Алдағы уақытқа жоспарларым көп, - деді чемпион Илья Ильин.

 Өз кезегінде түрлі жаттығудың үлгісін көрсетіп, нақты ережелерімен таныстырған Илья Ильингеқызметкерлерде алғысын білдірді.

«Бізде үнемі жаттығу болады. Спорттың футбол, волейбол түрлерінен ойнын өткізіп тұрамыз. Бірақ бүгін арнайы кәсіби маманмен бірге жаттығу жасап, бір серігіп қалдық. Біздің ұсынысымызды қабылдап, өз тәжірибесімен бөліскен чемпионға ризашылығымызды білдіреміз»,- деді ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Искандер Құрақбаев.

Тағы да оқыңыз: