Фото: ашық дереккөзден

Kyzylorda-news.kz. Жаңаөзен әкімдігі «Кезби» компаниясының жұмысшыларына қатысты түсінік берді. Әкімдік хабарламасын Ulysmedia.kz сайты жариялады.

«29 қаңтарда сағат 18.40-та 150-ге жуық қызметкер еңбек мәселесін талқылау үшін басшылықпен кездесті. Жұмысшылар талаптарды орындауға бір апта берді. Кейін компанияның 60 қызметкері жұмысын тоқтататынын айтты, — дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа қарағанда, 30 қаңтарда жұмыс беруші және кәсіподақ өкілдерімен өткен келіссөзден кейін жұмысшылар қызметіне қайта кіріскен. Алайда қанша адам жұмысқа оралғаны белгісіз.

29 қаңтар кешке Жаңаөзенде мұнай-сервистік 800-ге жуық жұмысшысы ереуілге шықты. Наразы жұмысшылар жалақыны 50 пайыз өсіруді, материалды-техникалық базаны жаңартуды, компаниядағы жағдайға жауапты адамдарды қызметтен босатуды, тамақтану мәселесін жақсартуды талап еткен. 

Тағы да оқыңыз: