Kyzylorda-news.kz. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Шиеліде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия ардагерлері және партия белсенділерімен кездесу өтті.

Салтанатты жиынға "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық, партия ардагері Найла Палымбет және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары және белсенді жастар қатысты.

Шара барысында "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық ашып беріп, барша партия мүшелерін "Алғыс айту" күнімен құттықтап алғысын білдірді.

Ардагерлер алғыс айту күнінің тарихынан сыр шертіп, кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшақ жайып, бауырына тартқаны, бір үзім нанын бөліскені туралы баяндап берді. Аталған мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этносаралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту екенін атап өтті.

Әңгімеден соң қызметкерлер ардагермен бірге естелік суретке түсіп, өмір жасының ұзақ болуын тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ "AMANAT" партиясының жұмысына белсенді араласып, өздерінің қоғамдағы белсенділігі және іскерлігімен көзге түскен бірқатар партия ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табысталды.

Тағы да оқыңыз: