Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов “Етене” бағдарламасында журналистің сауалына “өтірік айтпаймын” деп жауап беріпті.
“Қандай кездер де өтірік айтасыз?” деген сұраққа әкімнің жауабы мынадай:
- Өтірік айтпаймын. Ата-анамыздан алған тәрбиенің арқасында жалған сөздің соңы жақсылыққа апармайтынын біліп өстім. Барынша шындығымды айтамын. Болған нәрсені болды деген дұрыс. Ер адам болғаннан кейін қателікті мойындай білгенді жөн санаймын, - деді Шиелі ауданының әкімі Н.Ахатов.