Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сенат депутатын таңдаушылар – мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізілді.

Парламент Сенаты депутатының мандатына 3 кандидат үміткер. Олар: Наурызбай Байқадамов, Алмасбек Есмаханов, Абайбек Жүнісов. Қызылорда облысы бойынша таңдаушылар тізіміне енген 152 мәслихат депутатының 147-сі қатысып, өз таңдауын жасады.

Үміткерлердің ішінде қатысушылардан Наурызбай Байқадамов 116 дауыс жинап, басымдыққа ие болды.

Тағы да оқыңыз: