Фото: ҚР Парламенті сенатының баспасөз қызметі
Kyzylorda-news.kz. Бұл ҚР Парламенті сенаторы Сергей Ершов ресейлік тарихшы Михаил Смолиннің провакациялық сөзіне пікірін білдірді.
- Бұл мені алаңдатпайды. Себебі мен Ресейдің және басқа мемлекеттердің шенеуніктерін білемін. …Олар біздің тарихымызды жақсы біледі. Ол жақта қазақтар тұрады. Осы жақта орыстар да қалыпты өмір сүріп жатыр. Сондықтан мен ешқандай қиындық көріп тұрғаным жоқ, — деді сенатор.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қаңтарда Ресей тарихшысы Михаил Смолин НТВ арнасындағы «Место встречи» ток-шоуында «1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған» деп мәлімдеме жасаған еді. Бұл тұста Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ресей тарихшысына ресми жауап беруді жөн санамады.