Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Конституциялық реформа және жаңа Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Жиында ҚР Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулердің мәнін түсіндірді.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, саяси ғылымдар докторы Мұрат Мұхамедов, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Бейбіткүл Кәрімова және профессор-оқытушылар қатысты.
Конференция барысында философия ғылымдарының докторы, Қорқыт ата атындағы «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық» пәндер кафедрасының профессоры Баймырза Қожамберлиев , саяси ғылымдарының кандидаты, облыстық «Рухани жаңғыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Саулет Сахиев, заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Ерлан Алтаев, PhD, «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы Дәулет Омаров, экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Абай Шайнуров, PhD, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Исаева, заң ғылымдарының кандидаты, «Құқықтану» кафедрасының доценті Жанна Исаева, экономика ғылымдарының магистрі, «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Мұрат Смайлов баяндама жасады.
Айта кетейік, 5 маусым күні елімізде республикалық референдум өтеді. Осыған орай сенаторлар өңірлерді аралап, алдағы референдумның маңыздылығы және Ата заңға ензілетін өзгерістердің мән-жайы туралы халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.