Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент сайлауында №263 учаскеге барып, дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
«Бүгін еліміз үшін ерекше күн. Мемлекетіміздің жарқын болашағын айқындайтын бұл күнде әрбір азаматтың дауысы маңызды. Жерлестеріміз ел келешегі үшін бірлік танытып, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін»,- деді Н.Нәлібаев.
Айта кетейік, аймақта 373 сайлау учаскесі және 482934 сайлаушы бар.