Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мал шаруашылығын дамытуға қаржы көп бөлінгенімен мал саны көбеймеген деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.

   - «Ауыл аманаты» жобасы аясында 647 жобаның құжаттары тапсырылып, несие комитетімен 3 млрд теңгеге 406 жоба қаржыландырылды, оның ішінде несиелер 33 кооператив және 373 жеке кәсіпкерге берілді. Жеңіп алғандардың 28-30 пайызы мал шаруашылығын қолға алғысы келгендер. Соңғы жылдарға сараптама жасасақ, облысымызда малдың санын көбейтуге қаржы бөлінгенімен нәтижесі аз болып тұр. Яғни көршісінен сатып алу фактілері анықталды. Кәсіпкер шартты түрде сатып алуы мүмкін. Бір қорадан бір қораға көшкен сияқты ғой. Сол себепті биылғы жобаларға талап қойдық. Асыл тұқымды малдарды басқа облыстардан алу керек. Алдын ала келісім-шарттарын көрсетіп, содан кейін ақша аударылады. Бұл мал санының көбеюіне, азық-түлік бағасының тұрақтандыруына және мал басын асылдандыруға өз нәтижесін береді деп сенеміз, - деді «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов.

Тағы да оқыңыз: