Сенат спикері Мәулен Әшімбаев алынған ескерткішке қатысты пікір білдірді

  • Ұлттық музейден алынғанын естіген жоқпын. Сіздерден біліп отырмын. Қазір ғана Сенат отырысында болдым. Енді мұндай шешім қабылданса, бұл Ұлттық музейдің басшылығының шешімі шығар деп ойлаймын. Сондықтан  мұнда олар өздерінің ұстанымдарына сәйкес, (музей) ішіндегі экспонаттарды жаңартуға байланысты осындай шешім қабылдаған шығар. Бұл мәселеге байланысты сұрақтарыңызды Ұлттық музейге жолдасаңыздар дұрыс болады, — деді сенат спикері тілшілердің сауалына берген жауабында.

Кейінгі кезде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы екі ескерткіші, Алматы метросындағы портреті алынды.

Тағы да оқыңыз: