Kyzylorda-news.kz. Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев «Барлық жанжалдар ұрып-соғу мен төбелестен туындамайды. Еркектерді де түсіну керек» деген пікір білдірді.
Жанжал неден басталады? Әрине, әйелдің тілі ұзын болғаннан. Әйелдер мені кешірсін, бірақ мұндай фактілер де бар. Қазақта мынадай жақсы мақал бар: «Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс». Өкініштісі, барлығымыз қазақы тәрбиеден алшақтап жатырмыз. Қыздарды мектептен бастап тәрбиелеу керек, — деді Анас Баққожаев.