Фото: ашық дерекккөзден
Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі 24 қаңтарда Алматыда «қару-жарақ сақталған орын табылғанын хабарлады.
- «Калашников» автоматтары, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 дана қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынған. Олар Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі.
Қазақстан билігі Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару-жарақ ұрланғанын, қаншасы табылмағанын ресми айтқан емес.
Былтыр қаңтар айында ІІМ 1900 дана қару іздестіріліп жатқанын мәлімдеген. Билік органдары ұрланған қару-жарақтар Қазақстанның оңтүстік өңірінен табылып жатқанын бірнеше рет жариялаған.