Kyzylorda-news.kz. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қайда екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаулысы негізінде прокуратураның санкциясымен Кәрім Мәсімов пен Дәулет Ерғожин қылмыстық іс бойынша Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отырғанын хабарлады. Іс тергеліп жатыр.

Өз кезегінде Әнуар Садықұлов пен Марат Осиповты ұстау орындары туралы ақпарат Ішкі істер министрлігінің құзырында, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Еске салайық, 2023 жылы 24 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарған болатын.

Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады. Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді.

Кәрім Мәсімов бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды.

Тағы да оқыңыз: