Фото: egemen.kz

Kyzylorda-news.kz. Үкіметтің масс-медиа туралы жаңа заң жобасына шетел ақпарат құралдары мен журналистерін аккредитациялау ережесіне қатысты түзетулер енгізілмек деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі Азатық радиосына сілтеме жасап.

Депутаттар ұсынып отырған өзгертулер сыртқы істер министрлігіне «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда» шетел ақпарат құралдарының өкілдіктері мен журналистеріне аккредитация бермеу құқығын береді.

Ұсынылып отырған өзгертулер сонымен бірге аккредитация алмаған шетел ақпарат құралдары мен шетел журналистеріне кәсіби журналистикамен айналысуына тыйым салуды қарастырады.

25 қаңтарда тиісті өзгерістерді жұмыс тобы мүшелерінің басым тобы қолдап дауыс берді.

Тағы да оқыңыз: