Kyzylorda-news.kz Күні кеше Қазалы ауданы Әйтеке би кенті мен Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылдық округінің әкім сайлауы өткізілді.
Сайлау процесі 14 учаскеде ұйымдастырылды. Сайлауға таңмен таласа келген сайлаушылар мен алғаш рет таңдау жасаған азаматтар белсене қатысты.
Қазалы ауданының Әйтеке би кенті әкіміне 2 кандидат дауысқа түсті. Кандидат Әбиев Әліби Берікұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 15482 дауыс, Картабаев Казыбек Каржаубаевич үшін – 2007 дауыс, барлығына қарсы – 184 дауыс берілді.
Нәтижесінде Әбиев Әліби Берікұлы Қазалы ауданының Әйтеке би кентінің әкімі болып сайланды. Алиби Берікұлы 1978 жылы туған, ұлты қазақ, Қазалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Әйтеке би кентінде тұрады. «AMANAT» партиясынан ұсынылған.
Ал, Сунақата ауылдық округі бойынша 3 кандидат түсті. Дауыс беруге қатысқан 698 адамның кандидат Абсадықов Марат Қалилаұлына 8 дауыс, кандидат Жұмаділлаев Ақылмұрат Исмайлұлына 366 дауыс, Кошкарбеков Нуркен Орынбековичке 299 дауыс берілді. Дауыс беру қорытындысымен Сунақата ауылдық округінің әкімі болып Жұмаділлаев Ақылмұрат Исмайлұлы сайланды. 1977 жылы туған, ұлты қазақ, Сунақата ауылдық округінің әкімі, Жаңақорған кентінде тұрады. Сайлауға өзі-өзін ұсынған.