Kyzylorda-news.kz Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі Діни басқарманың 35 жылдығына және қасиетті Рамазан айының құрметіне қызылордалық БАҚ өкілдері арасында «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты:
Ислам құндылықтарын, асыл дініміз бен ата салтымызды кеңінен насихаттау, исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының артықшылықтарын дәріптеу. Тәлімдік, тәрбиелік мәні бар шығармалар жазу арқылы қоғамды ізгілікке, жақсылыққа, қайырымдылыққа шақыру.
Байқаудың міндеті:
Өңірлік БАҚ өкілдерін ынталандыру,шығармашылық ізденістеріне қолдау білдіру,аймақтық басылымдар арқылы Рамазанның құндылықтарын әрбір оқырманға сезіндіру.
Байқау шарттары:
- Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
- Байқауға Қызылорда облысында тіркелген кез келген БАҚ өкілдері қатыса алады (облыстық, қалалық, аудандық дәстүрлі, мерзімді баспа басылымдары, ақпарат агенттіктері, интернет-сайттар, теле, радио тілшілері).
- Байқауға қатысушыларға жас шектеуі қойылмайды.
- Байқауға тек эссе жанрында және қазақ тілінде жазылған шығармалар ғана қабылданады.
- Байқауға бұрын баспа бетінде жарияланбаған, тек байқау кезеңінде арнайы жазылған материалдар жіберіледі.
- Байқау қатысушыларынан авторлық құқықты сақтау қатаң талап етіледі, әрбір шығарма антиплагиат жүйесі арқылы тексеріледі.
- Байқауға әрбір қатысушы материалын Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықты сақтай отырып, А4 форматында 5 беттен аспайтын көлемде ұсынуы керек;
- Байқауға қатысушылар материалдарын және өзі туралы ақпаратты №1 қосымшадағы кестеге сәйкес толтырып, aqmeshit.baiqau@gmail.comэлектронды поштасына жолдауы қажет.
- Шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2025 жылдың 3 наурызында басталып, 21 наурызда (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-де) аяқталады.
- Байқауға 21 наурыз күні сағат 18:00-ден кейін келіп түскен және жоғарыда көрсетілген тақырыпқа қатысы жоқ, елімізді, тілімізді, дініміздімансұқтайтынматериалдар қабылданбайды.
- Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі, мазмұнның ашылуы, шынайылығы, сапасы, жанрлық шартқа сәйкестігі,тілінің көркем, шұрайлы болуы және стилінің ұғынықтылығыесепке алынады.
Байқау барысы:
- Байқау жеңімпаздарын кәсіби журналистерден және дін мамандарынан жасақталған қазылар алқасы анықтайды.
- Жеңімпаздар Қадір түнінде (нақты уақыты қосымша хабарланады) марапатталады.
- Жүлде алған шығармалар өңірлік басылымдарда жарияланады.
Жүлде қоры:
- Бірінші орын – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
- Екінші орын – 50 000 (елу мың) теңге;
- Үшінші орын – 30 000 (отыз мың) теңге.
- Бұдан бөлек, үздік деп танылған жұмыстарға ынталандыру сыйлықтары беріледі.
Қосымша сұрақтар бойынша ақпаратты +7 700 896 96 00 нөміріне хабарласып, алуға болады.
БАЙҚАУҒА ӨТІНІМ
1 | Тегі, аты, әкесінің аты |
|
2 | Туған күні, айы, жылы |
|
3 | Жұмыс орны, лауазымы |
|
4 | Тұрғылықты мекен-жайы |
|
5 | Байланыс құралдары (ұялы байланыс, e-mail) |
|
| ||
6 | Шығарманың атауы |
|
7 | Өтінім толтырылған күн |
|
8 | Қолы |
|