Kyzylorda-news.kz 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Байсат» мейрамханасында «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шара өтті.
Арнайы құттықтап барған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров «Қазіргі таңда баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа сапалы, әрі заман талабына сай білім беріп, саламатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Себебі бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Балғын бүлдіршіндеріміз қырандай самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын Қазақстанның елеулі азаматтары мен азаматшылары болсын» деген тілегін жеткізді.
Кеш барысында көңілді ән шырқалып, балаларға сыйлықтар табысталды.