Kyzylorda-news.kz  Ауыл тұрғындарының табыс көзі қолдарындағы азын-шоғын малы. Өнімін пайдаланып, ауысқанын сатып, сонымен тірлік етіп отырғандары жасырын емес. Маңдай термен бағып отырған малы оңай олжаға құныққандардың қолында кетіп жататыны өкінішті. Қуантарлығы, соңғы уақыттары Жаңақорған ауданында едәуір азайып, мал баққан малшының уайымы сейілді. 

«Малым – жанымның, жаным – арымның садақасы» деп отырған ауылдағы ағайынның берекесін қашырып, қорадағы немесе жайылымдағы малына құрық салатын «екіаяқты» әккілердің айла-тәсіліне не деуге болады? Сайда саны, құмда ізі қалмай, ұшты-қилы жоғалып кетіп жатқан ұрлық малдар мен ұстатпай жүрген ұрылар шынында қайда жүр?. Оларды ұстап тиісті жазасын беруге кім немесе нендей жағдай кедергі. Міне осы тектес сауалдардың жауабын білу үшін аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Мәткәрім Құрбанға жолыққан едік.

Оның айтуынша, соңғы жылдары мал ұрлығы азайыған. Мәселен, қолдағы мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың қорытындысы бойынша жыл басынан бері 16 мал ұрлығы тіркеліп оның 8-і ашылған. Ал былтырғы жылы 14 малұрлығы орын алып, оның 11-і ашылған екен. Бұл пайыздық тұрғыдан өткен жылмен есептегенде қылмыс санының артуын, сәйкесінше, екі аяқты қасқырлардың ізін суытпай ұсталуы да тергеу жұмыстарының жемісті нәтижесі арқасында орын алып жатқанын айта кеткен жөн. Десе де бұл жерде «көп жүрген жыланның аяғы көрінеді» демекші, мұндай жағдайда ұрының ұзаққа баруы екіталай.

Жауапты маманның бізге берген мәліметінше, жыл басынан бері мал ұрлаумен айналысатын 3 қылмыстық топ құрықталған. Олар шамамен 10-нан аса сиыр-жылқыны жымқырған. Ішінде саудалап үлгергені де бар.Арыздар мен шағымдардың көрсеткішіне сәйкес, биылғы жылы жұмыс нәтижелі болып, малдың иелеріне қайтарылған фактісі де тіркелген.

Расымен қазір мал тұрмақ, үйдегі иттің де төлқұжаты бар. Құжатсыз қимылдай алмайсыз. Саудалайтын тауарыңыздың құжаты болмаса құны да төмен. Ал, ұрлықы малды қалай саудалайды деген сұрақ баршамызды ойландырады. Оның құжаты қайда? Мемлекеттік базаға тіркелген бе? Егер, сойып сатар болса, оның анықтама құжаты қайсы? Мал сою бекетінде басылған мөрі қайда? Бұл мәселелер заң жүзінде бекітілгенімен қазақшылыққа, таныс-тамырлыққа салынып, мән бермейтініміз жасырын емес. Осы тақырып аясында да қылмыстық істерді мысал ете кетейік. Кент тұрғыны Б. есімді ақсақалдың өткен жылдың желтоқсанында екі бас жылқысы жоғалған. Ауылдан ұзап кете қоймайтынын біліп, қолды болғанын сезеді де, тиісті органдарға шағымданады. Содан 4 ай ізіне түскен екен. Тергеушілер Қызылорда, Шымкентті шарлайды. Ақыры Жетісай қаласының маңындағы мал бордақылайтын цехтан табылады. Анығында, терісі табылған. «Ш» деген таңбадан аңғарады. Көп ұзамай күдіктілер де қолға түседі. Сөйтсе, ұры алыстан келмепті, ауылының азаматтары екен. Арнайы «ГАЗель» көлігін жалдап, тиеп жіберген. Оны оңтүстіктің сауданың қазанында қайнаған саудагер жігіттері арзан бағаға сатып алған көрінеді.

Қысқасы бұл қылмыстың белең алуына алыпсатарлар жол ашып беріп тұр. Ал, «сойылып сатылған күннің өзінде анықтама құжатын қажет етпей ме?» дегенге келсек, бұған бей-жай қарамау алдымен мына сіз бен бізден бастау алуы тиіс.

Аталмыш қылмыспен күресудегі тағы бір күрделі мәселе, қылмыскерлерді қолға түсіруде шұғыл-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, оған полицияның бірқатар күш-құрылымдары жұмсалып, қылмыс енді ашылды дегенде, жәбірленушілер арыздарын қайтып алып немесе келтірілген шығын жөнінде алдыңғы жауаптарын өзгертіп, бүкіл тергеу жұмысын жоққа шығаратын жағдай тіркелетінін естіп жүрміз.

«Мұндай мәселе бізде әзірге тіркелген жоқ. Жалпы қылмысты жасайтын да, ашатын да халық. Ұры анықталған соң, кешірімге барады. Шөбімізді өртеп, өзімізге қастандық жасар деген үреймен қаймығады. Ал, бір дәндеп алған ұры бір жыл тыныш жүрер, одан кейін әдетіне қайта басады. Ол жазадан құтылу үшін шыққан шығынның, жалдаған адвокаттарының қаржысын қайта өндіру үшін байырғы әдетіне көшеді. Сондықтан біздер мүмкіндігінше қылмыстың өтеуі жаза екенін ұғындыруда жұмыс істеуге міндеттіміз» – дейді Құрбан Серікұлы.

«Сақтансаң – сақтаймын деген». Бүгінгі таңда қолданыстағы «чиптің» көмегі мол дейді мамандар. Бағасы түрлеріне қарай – 70, 80 мың теңге. Үйіріңіздегі айғырдың немесе бас білетін жылқының мойнына трекер арқылы орнату қажет. Сосын ұялы телефоныңызға қосымшасын жүктеп, картаның көмегімен қайда жүргенінен хабардар болып отырасыз. Көбісі, қымбатсынып, мақұл көрмейді. Десек те, біраз шаруа қожалығының иелері игіліктеріне жаратуда. Құрылғы арқылы мал ұрлаған қылмыскерлерді ұстау оңайға соғады», – дейді мамандар.

Ұры айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан мына заманда қораңызға құлып салғанды әдетке айналдырған жөн. «Ел ішіндеміз ғой» деген жалған сенімнен арылған абзал.

Дәл соғым уақытында сан соғатындар саны қаншама. Жалпы бізде ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде науқанның нақ өзі қазір. Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру заңы бойынша қылмыскерді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Қылмыстың өтеуі – жаза. Ендеше жаза қатаңдап, қылмыскер саны азайса игі еді…Мал бағып, нәпақасын төрт түліктен тауып жүрген ауылдағы ағайынның бейнетін бәріміз білеміз. Ала жаздай дала төсінде тер төгіп, малдың жем-шөбін шашпайтөкпей жинап алып, ауру-сырқауының алдын алу, күн сайын қора-қопсысын тазалап, жайылып жүріп өрістеп кеткенін сандалып соңынан іздеу де бір ақырет. Малсақ адамның жыл он екі ай көретіні – осы. Ол ол ма, төрт түлікті төрт аяқты түз тағысынан қору былай тұрсын, екі аяқты барымташының залалы мен зардабы жанға батады.
Сонымен қатар, Жаңақорған аудандық сотының судьясы Эльдар Рысқұлов брифинг барысында жауап берді. Оның айтуынша, соңғы жылдары мал ұрлығы үлкен мәселеге айналған. Мәселен осы ағымдағы жылы аудандық соттың іс жүргізуінде сотталушы С есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ҚКнің 188-1-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен қылмыстық іс қаралды.

«Сотта және іс құжаттарында анықталғандай, сотталушы 2021 жылдың 20 желтоқсанында Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылында тұратын танысы Н есімді азаматтың үйіне қарыз ақшасын сұрау үшін келген. Алайда барымташы берешегі бар азаматтың ақшасы жоқ екенін біліп, ауыл маңындағы жайылымда жүрген малдарды зерделей бастайды. Кешкі сағат 20.00 шамасында ауылдан 5-6 шақырым қашықтықта орналасқан жайылымда жүрген мал ішінен жәбірленуші А есімді ауыл тұрғынына тиесілі бір өгізшені көреді. Оны өзі мініп барған мініс атымен қуалап жүріп ұстап, арнайылап алып барған арқанды өгізшенің мойнына байлап, жетектейді. Солай қарызы бар азамат Н-ның үйіне алып келіп, өгізшені Түркістан қаласындағы мал базарға сатып беруін сұрап, өзі үйіне қайтып кеткен», – деп істің негізін түсіндірді.

Ұры бұл әрекетін жалғастырып, 2023 жылдың 21 қаңтарында кешкі сағат 22:00 шамасында танысының үйіне қайтадан қарыз ақшасын сұрауға келген. Аталған азаматта ақшаның жоқ екенін білген соң, осы күні ауылдың күн батыс жақ бетіндегі жайылымдық жерге барып, топтасып жайылып жүрген жылқылардың ішінен жәбірленушіге тиесілі 1 жасар тайын арқандайды. Уақыт оздырмай танысы Н-ның үйіне алып келіп, соңғыдан Түркістан қаласындағы мал базарына сатып беруін сұрап, тайды сол үйде қалдырып, өзі жол жүреді. Осының салдарынан жәбірленушіге 250 000 теңге мүліктік шығын келген.

«Сотталушының мал ұрлығын, яғни бөтеннің малын бірнеше рет жасырын жымқырғаны, сотталушының пиғылы мен іс-әрекетінде оған тағылған айыптағы қылмыстың құрамының нақты болғаны, сотталушының өзінің айыбын мойындауымен қатар, оқиға орнын қараптексеру хаттамасымен, іс бойынша жәбірленушілердің жауаптарымен, куәлердің іске тіркелген жауаптарымен, беттестіру хаттамаларымен және іс бойынша зерттелген құжаттармен дәлелін тапты. Аудандық соттың үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 1) тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді судья.

«Қазақтың бір міні – мал ұрлығы». Өкінішке қарай, Абай атамыз айтқан осы бір міннен әлі де арыла алмай келеміз. Иә, «көш – жүре түзеледі» дейміз. Бірақ, еріншектік пен енжарлық, пиғыл мен пейілдің түзелетін түрі жоқ. Оңай олжаға кенелудің жолын іздеген барымташылықты кәсіп етіп алған. Оған да құрық салатын кез келер, тек бейқамдықты бәсеңдету керекпіз. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің сөзінде жан бар, өйткені көпшілік төрт түлігі қолды болғаннан біршама уақыттан кейін хабар береді. Осының салдарынан қылмысты ашу ұзақ уақытты алатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан ең брінші өз-өзімізге сақ болғанымыз жөн…

Ауыл тұрғындарының табыс көзі қолдарындағы азын-шоғын малы. Өнімін пайдаланып, ауысқанын сатып, сонымен тірлік етіп отырғандары жасырын емес. Маңдай термен бағып отырған малы оңай олжаға құныққандардың қолында кетіп жататыны өкінішті. Мұндай келеңсіз жәйт біздің ауданды да теріс айналып өтпеген. Жыл сайын қайталанып келеді.

Қысқасы бұл қылмыстың белең алуына алыпсатарлар жол ашып беріп тұр. Ал, «сойылып сатылған күннің өзінде анықтама құжатын қажет етпей ме?» дегенге келсек, бұған бей-жай қарамау алдымен мына сіз бен бізден бастау алуы тиіс.Аталмыш қылмыспен күресудегі тағы бір күрделі мәселе, қылмыскерлерді қолға түсіруде шұғыл-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, оған полицияның бірқатар күш-құрылымдары жұмсалып, қылмыс енді ашылды дегенде, жәбірленушілер арыздарын қайтып алып немесе келтірілген шығын жөнінде алдыңғы жауаптарын өзгертіп, бүкіл тергеу жұмысын жоққа шығаратын жағдай тіркелетінін естіп жүрміз.

«Мұндай мәселе бізде әзірге тіркелген жоқ. Жалпы қылмысты жасайтын да, ашатын да халық. Ұры анықталған соң, кешірімге барады. Шөбімізді өртеп, өзімізге қастандық жасар деген үреймен қаймығады. Ал, бір дәндеп алған ұры бір жыл тыныш жүрер, одан кейін әдетіне қайта басады. Ол жазадан құтылу үшін шыққан шығынның, жалдаған адвокаттарының қаржысын қайта өндіру үшін байырғы әдетіне көшеді. Сондықтан біздер мүмкіндігінше қылмыстың өтеуі жаза екенін ұғындыруда жұмыс істеуге міндеттіміз» – дейді Құрбан Серікұлы.

«Сақтансаң – сақтаймын деген». Бүгінгі таңда қолданыстағы «чиптің» көмегі мол дейді мамандар. Бағасы түрлеріне қарай – 70, 80 мың теңге. Үйіріңіздегі айғырдың немесе бас білетін жылқының мойнына трекер арқылы орнату қажет. Сосын ұялы телефоныңызға қосымшасын жүктеп, картаның көмегімен қайда жүргенінен хабардар болып отырасыз. Көбісі, қымбатсынып, мақұл көрмейді. Десек те, біраз шаруа қожалығының иелері игіліктеріне жаратуда. Құрылғы арқылы мал ұрлаған қылмыскерлерді ұстау оңайға соғады», – дейді мамандар.

Ұры айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан мына заманда қораңызға құлып салғанды әдетке айналдырған жөн. «Ел ішіндеміз ғой» деген жалған сенімнен арылған абзал.Қорытындылайық. Дәл соғым уақытында сан соғатындар саны қаншама. Жалпы бізде ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде науқанның нақ өзі қазір. Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру заңы бойынша қылмыскерді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. 
 

Тағы да оқыңыз: