Kyzylorda-news.kz Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған кездесу өтті. Оған Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Шара барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс-офицері, дінтану магистрі Әлібек Жаппасбаев бас спикер ретінде сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы мен оның алдын алу тетіктері жөнінде мазмұнды ой бөлісті. Ол адалдық қағидаттарын ұстанудың мемлекеттік қызмет пен еңбек ұжымдары үшін маңызын ерекше атап өтті.
Кездесудің модераторы – «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстардың ұжымдық мәдениетті қалыптастыруға, әділдік пен адалдық құндылықтарын орнықтыруға ықпал ететінін жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, өзекті сауалдарына жауап алды.
