Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Конституцияның жаңа жобасын ақпараттандыру және сүйемелдеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» тақырыпта жиын өтті.
Жиынға Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков төрағалық етті.
Жиын барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаның маңызына тоқталып, жаңа Ата Заң жобасын халық арасында кеңінен түсіндіру, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін жинақтау және қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Өз сөзінде аудан әкімі Конституция – елдің құқықтық негізі, мемлекеттің басты тірегі екенін, ал жаңа жоба адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, әділетті қоғам қалыптастыруға және заң үстемдігін нығайтуға бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, жаңа Конституция жобасын талқылау жұмыстарына барлық мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды белсенді қатысуға шақырды.
Алқалы жиында, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев Конституцияның жаңа жобасы бойынша жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге арналған жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмайл сөз сөйлеп, Конституциялық реформаның тарихи маңызын атап өтіп, қоғамның барлық буыны, әсіресе ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге дайын екенін жеткізді.
Жиын қорытындысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, тұрғындармен ашық диалог орнату және халықтың ұсыныстарын тиісті органдарға жолдау жөнінде ортақ пікірге келді.
