Kyzylorda-news.kz  Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жеке құрамы “Бір тамшы қаным-жанға араша” акциясы аясында Облыстық қан орталығына  өз еркімен адамдарға көмектесу мақсатында донор болып, өз көмек қолдарын созып, жақсы бастама көтерді. 

Игі істі бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Әр донордан 450 мл қан алады. Процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минуттан аспайды.

- «Бір донор-бір өмір» деп бекер айтылмаған және біздің іс-әрекеттеріміз біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Біз азаматтарды қан тапсыруға және адамдарға көмектесуге шақырамыз», - деді полиция майоры Садыбеков Мақсат Тұрымханұлы. 

Тағы да оқыңыз: