Kyzylorda-news.kz Қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Жосалы кентінде 5 күнге жалғасқан оқыту-семинары аяқталды.
Айта кетейік, аудан бойынша жыл аяғына дейін 800-дей адамды оқыту жоспарлануда. Оқытудың алтыншы аптасында 187 білім саласының өкілдері оқытудан өтіп,қаржылық сауаттылықты арттыру курсын сәтті аяқтады.
Білім саласының қызметкерлеріне семинарды қаржы эксперті Балдырған Мамен өткізді. Жобаға қатысушылар жобаға қатыса отырып өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты проблемалық мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін хабардар болып, қаржылық білімдерін кеңейтті.
Апталық дәрісті сәтті аяқтаған Жосалы кенті тұрғындарына аудандық партия филиалының қызметкері А.Тулебеков арнайы сертификаттар табыстады.
Өз кезегінде қатысушылар жобаның тиімділігі өте жоғары екенін айтып, ұйымдастырушыларға шынайы ризашылықтарын білдірді.
Айта кетейік, азаматтардың қаржылық сауатын ашуына мүмкіндік беретін бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қолдауына ие болған.
Келесі кезектегі оқу-семинар қазан айында өткізілмек. Қатысуға ниеті бар азаматтарды тегін қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырамыз.
Жобаға қатысуға ниетті азаматтар 2-22-92, 87079272868 байланыс нөмірлеріне хабарласу арқылы немесе qogamfin.kz сайты арқылы тіркеле алады.