Kyzylorda-news.kz Осы аптаның жұма күнінде Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі пәнінен 5-8, 10 сыныптарға арналған аралық аттестаттауды өткізу ерекшеліктері»  атты аудандық семинар-практикум  өткізді. Семинар барысында, аралық аттестаттаудың мақсаты мен міндеті, талаптары, мазмұны, бағалау критерийлері, үлгілік оқу бағдарламасымен байланысы, тапсырмалар мазмұнының сипатамасына түсіндірме жүргізді.

Жиында №276 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бақытгүл Есіркепова білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін бір оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін аралық аттестаттаудың негізгі ерекшелігі мен қойылатын талаптарына тоқталды.

Сонымен бірге, Жанқожа батыр атындағы №70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жанат Сисенбай бағалау критерийлері құрастырылатын тапсырмаларға қарай мұғалімдер тарапынан жасалуы қажеттілігі айтылды.

Емтихан тапсырмаларын құрастыруда мүмкіндігінше, үш дағды қамтылып, емтихан сұрақтарын емтихан алушы педагог құрастыратындығы ескертілді. Қазалы ауданына қарасты Кәукей ауылындағы №225 мектептің мұғалімі Сәбит Сексенбай аралық аттестаттау тапсырмаларының үлгілерімен таныстырды.

Семинарда пән мұғалімдері өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берілді.

Тағы да оқыңыз: