Kyzylorda-news.kz Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен актив отырысы өтіп, орын алған бірқатар кадрлық тағайындауларға тоқталды.

Алдымен Арал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін абыройлы атқарып келген Дархан Шакен Нұрбекұлын құрметті зейнет демалысына шығарып салу рәсімінде еңбек жолына кеңінен тоқталып, ауданның ең жоғарғы наградасы «Құрмет грамотасын» табыстады.

Бұл қызметті одан әрі осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп, абырой бигінен көрініп жүрген Айдос Мұратұлы Сыдықов атқаратын болады.

Аудан әкімі жас әрі білікті кадр Айдос Мұратұлының кандидатурасы қолдау тапқанын айтып, саланың өзіндік жауапкершілігі зор екенін алға тартты.

– Айдос Мұратұлы, саланың жауапкершілігін өзіңіз жақсы білесіз. Төтенше жағдай мезгіл таңдамайды. Кез келген сәтте, қай уақытта болсын адам өміріне қауіп төнген жағдайда Сіз басқаратын ұжым қызметкерлері ең алғаш болып оқиға орнынан табылауға міндетті. Ел ортақ болған соң оның жауапкершілігі де ортақ. Төтенше жағдайлардың алдын-алу, адам өмірін құтқару - жауапты миссиясы өзіңізге тікелей жүктеледі. Сондықтан, әлеуметтік нысандардың, жеке секторлардың өрт қауіпсіздігін алдын-алу және тиісті шараларды дер кезінде ұйымдастыруды тапсырамын, – деді аудан әкімі А.Оңғарбаев.

Бұған дейін Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін абыройлы атқарып келген Шерхан Жұбаханұлы Есжанов облыс әкімдігінің келісімі және аудан әкімінің өкімі негізінде аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Аудан әкімі мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өтіп, мол тәжірибе жинақтаған Ш.Жұбаханұлының жаңа қызметіне сәттілік тілеп, міндеттер бөлінісіне сәйкес жетекшілік ететін салар бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

Сонымен қатар аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппараты басшысының міндеттер бөлінісін қайта нақтылап, артылар жауапкершіліктің жоғары екенін атап өтті.

Жиын барасында әр жылдары ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласып, әлеуметтің әлеуетін арттыруда көптеген келелі істердің басы-қасынан табылып, бір мүдде жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматтар мен еңбек ұжымдарына аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Фото: Арал ауданының әкімдігі

Тағы да оқыңыз: