Kyzylorda-news.kz Қазіргі күні қаскүнемдер айлаларын асырғаны соншалық, зардап шегушілер ерікті түрде кепілсіз кредиттер ресімдейді және ақшаны үшінші адамдардың шотына өз еркімен аударады.
Fingramota.kz алаяқтықтық мұндай түрі жөнінде айтып береді және өз ақшаңыздан айырылып қалмаудың, сондай-ақ басқаның кредитімен қалмаудың жолдары жөнінде ұсынымдар береді.
Мысалы, алаяқтар фишингті немесе вишингті, сондай-ақ әртүрлі ұйымдардың, коммуналдық қызметтердің қызметкерлері, курьерлер, сатушылар және т.б. ұсынатын дипфейктерді белсенді пайдаланады. Олардың басты мақсаты – басқа адамдардың дербес деректерін, сондай-ақ SMS-кодты және шоттардың толық деректемелерін қолға түсіру.
Егер құпия ақпарат қылмыскерлердің қолына түссе, онда олар мобильді банкингті бұзып, өз құрбандарының шоттарын иемденіп, ақшаларын дроперлердің карталарына аудара алады. Алайда, одан зорғысы да болуы – ақшадан айырылып қана қоймай, жәбірленушіге кредит ресімделуі мүмкін.
Бұл схема алаяқтар қарыз алушыны банктің мобильдік қосымшасында немесе микроқаржы ұйымының сайтында өз еркімен тексеруден өтуге мәжбүрлеуді көздейді.
Әрі қарай оқиға екі сценарий бойынша дамуы мүмкін. Бірінші сценарийде жәбірленушіні қорқыту немесе сендіру арқылы ақшалай кредит алдырып, кейіннен картаға немесе шотқа дербес аударуға мәжбүр етеді, картаның деректемелерін (дропперлер картасы) оған қаскүнем хабарлайды. Бұл ретте, барлық операциялар мен аудармаларды зардап шеккен адам бір реттік парольдер мен смс енгізу арқылы дербес растайды.
Екінші нұсқа зиянды бағдарламалық қамтылымды және қашықтан қол жеткізу бағдарламаларын орнатуды қамтиды. Алаяқтар үшін ең бастысы – жәбірленушінің биометриялық идентификаттаудан өтуі. Барлық басқа операциялар қашықтан қосылу арқылы жүзеге асырылады.
Ақша аударылғаннан кейін алаяқтар жәбірленушімен қарым-қатынасты тоқтатады, нөмірлерді бұғаттайды және жоқ болып кетеді.
Егер банк күмәнді операцияларды байқаса, бұл әр түрлі банктік карталарға қатарынан бірнеше аударымдардың жасалуы, банкоматтардан немесе банк бөлімшелерінен қолма-қол ақша алу болуы мүмкін, онда банк карталар мен клиенттің қосымшасын бұғаттайтынын атап өткен жөн. Қаржы институттарының қауіпсіздік жүйесі осылай жұмыс істейді.
Азаматтардың өтініштері негізінде кредит беру кезіндегі алаяқтықтың әрбір фактісі бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) банктер мен МҚҰ тексерулеріне бастамашылық жасайды. Тексеру аясында көптеген сұрақтар зерделенуде:
- төлем қабілеттілігін бағалау;
- қарыз алуға өтінімді қарау кезінде клиентті идентификаттау рәсімінің дұрыстығы;
- борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) есептеудің дұрыстығы және басқа да көптеген факторлар.
Алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылық екенін және құқық қорғау органдарының сотқа дейінгі тергеуінің мәні екенін есте ұстаған жөн. Белгісіз адамдар тарапынан алаяқтық жасау фактісін анықтау және қатысы бар адамдарды анықтау құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Және операцияларды не қарыз шартын жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізілуі тиіс.
Кредиттік алаяқтардан қорғану үшін не істеу қажет?
Жалпы, азаматтар кредитті рәсімдеу мәселесіне жауапты қарап, өздеріне маңызды сұрақ қоюы керек: маған қарыз қажет па, егер қажет болса, онда қандай мақсаттар мен не үшін қажет. Жақын таныстарыңыз немесе достарыңыз сұраса да, үшінші тұлғалардың өтініші бойынша ешбір жағдайда өз атыңызға кредит ресімдеуге болмайды.
Сондай-ақ, қазақстандықтар қаржылық және құқықтық мәселелерді ешқашан телефон арқылы немесе мессенджерлерде шешілмейтінін - барлық операциялар тек мобильді қосымшалар арқылы немесе жеке қатысуымен жүргізілетінін есте ұстауы қажет.
Сондай-ақ бейтаныс адамдардың, үшінші тұлғалардың сендіруіне немесе қорқытуларына берілмеу керектігін білу маңызды. Барлығын мұқият талдай отырып, әсіресе егер мәселе кредитке немесе жалпы ақшаға қатысты болса салқынқанды шешім қабылдаған дұрыс.
Алаяқтар өздерін кез-келген адам ретінде көрсетуі мүмкін екендігін қайталап айтамыз. Олар сізге жөнелтілімді жеткізіп, оны алу үшін SMS-тен код сұрауға қоңырау шалуы мүмкін. Қаскүнемдер телефонға сілтеме көрсетілген құттықтау ашықхатын жіберуі мүмкін, сілтемеге кірген уақытта дербес деректеріңізді жоғалтып алуыңыз ықтимал.
Сондай-ақ, олар өздерін ХҚКО-ның, салық қызметтерінің немесе egov.kz, платформасының, 1414 сервисінің қызметкерлері ретінде таныстырып, «Стоп-кредит» қызметін іске қосуға көмектесетіндерін алға тартып, оларға конфиденциалды деректеріңізді беруге итермелеуі мүмкін.
Алаяқтық схемаларының нұсқалары көп және оларға алданып қалмау үшін сын көзбен қарап пайымдау және мүмкіндігінше жақындарыңызбен ақылдасу керек.
Егер сіз алаяқтар үшін кредитті ерікті түрде ресімдемейтініңізді сенімді болсаңыз, абай болыңыз, өйткені қаскүнемдер сіз хабарламасаңыз да, сіздің деректеріңізге қол жеткізе алады.
Бұған жол бермеу үшін мынадай қарапайым кеңестерді орындаңыз:
- SMS-кодтар мен басқа да құпия ақпаратты ешкімге айтпаңыз;
- үшінші тұлғаларға, тіпті таныстарыңыз бен жақындарыңызға банк картасының CVV-кодын, яғни картаның артындағы құпия үш таңбалы цифрларды бермеңіз;
- құрылғыңызға екі факторлы аутентификацияны орнатыңыз және мессенджерлерде қосылған құрылғыларды үнемі тексеріп отырыңыз;
- өз құрылғыларыңызда вирусқа қарсы бағдарламалық қамтылымды қолдануды ұмытпаңыз.
«Стоп-кредит» сервисі туралы не білу керек?
Банктік қарыздарды немесе микрокредиттерді ресімдеуге тыйым салуға («Стоп-кредит» сервисі) болады. «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» қызметін egov.kz сайтында және e-GOV mobile қосымшасында тегін ресімдеуге болады. Оны іске қосу үшін тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
e-GOV mobile мобильді қосымшасында қызмет «Танымал қызметтер» бөлімінде қол жетімді, одан әрі сіз «Салықтар мен қаржы» бөліміне өтуіңіз керек. Ал eGov.kz порталында қызметті басты беттегі «Қызметтер» бөлімінен табуға болады. Есіңізде болсын, «Стоп-кредитті» кез келген уақытта өшіруге болады, сондықтан ешкімге және ешқашан ЭЦҚ кілтін бермеу өте маңызды.
Қызметті іске қосқаннан кейін қарыз алушының кредиттік тарихында азамат уақытша кредит алудан бас тартуға шешім қабылдағанын көрсететін арнайы белгі пайда болады. Бұл белгіні кредиттік бюролардан деректерді сұрау кезінде кредиттік ұйым көреді. Кредитор үшін бұл клиент автоматты түрде несие беруден бас тартуы керек деген сигнал.
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап кредитті ресімдеуден ерікті бас тарту болған кезде қарыз алушыны банк немесе МҚҰ берген кредитті өтеуден босату туралы норма заңнамалық түрде енгізілді. Осылайша, егер қарыз алушы кредит алудан ерікті түрде бас тартса, бірақ осы кезеңде оған кредит заңсыз ресімделсе, онда банк немесе МҚҰ қарызды есептен шығаруға міндетті болады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз және қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Фото: fingramota.kz