Қызылордалық тұрғын пара беру үстінде ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық тұрғын пара беру үстінде ұсталды

08.11.2019, 12:00

380 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер автокөлік жүргізушісін пара беру үстінде ұстады.

Автокөлік жүргізушісі әкімшілік хаттама толтырмауын сұрап патрульдік полиция қызметкерлеріне пара ұсынған.

«Күдікті кінәсін толық мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен (пара беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, мән-жай анықталуда.

0

Пікір қалдыру