**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Қызылордалық полицейлер автокөлік жүргізушісін пара беру үстінде ұстады.** Автокөлік жүргізушісі әкімшілік хаттама толтырмауын сұрап патрульдік полиция қызметкерлеріне пара ұсынған. > _«Күдікті кінәсін толық мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында._ Аталған дерек бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен _(пара беру)_ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, мән-жай анықталуда.