Kyzylorda-news.kz «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов ұлттық құндылықтарды дәріптеген байқауға белсене қатысқан барлық отбасыларға шынайы алғысын білдіріп, байқау жеңімпаздарын марапаттады.
«Біз – отбасын мемлекеттің тірегі деп білетін халықпыз. Бұл байқау ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптейтін маңызды шара. Қатысушыларға алғысымды білдіре отырып, әр шаңыраққа амандық, береке тілеймін», – деді Ғани Сүлейменов.отбасылар арнайы номинациялармен марапатталды:
Байқау қорытындысы бойынша «Парасатты отбасы» номинациясымен Бұқарбай батыр ауылының Кеңесбаевтар отбасы, «Ұлағатты отбасы» номинациясымен Аламесек ауылынан Оспановтар отбасы, «Өнегелі отбасы»номинациясымен Мәдениет ауылынан Дәулетбаевтар отбасы, «Үлгілі жас отбасы» номинациясымен Мырзабай ахун ауылынан Баймахановтар отбасы марапатталды.
Жүлделі III орынға – Ақсу ауылынан Барпаяқовтар отбасы, II орынға – Таң ауылынан Жанібековтер отбасы, I орынға – Жаңадария ауылынан Еркінбаевтар отбасы ие болса, Бас жүлдеге Аққұм ауылынан Көшекбаевтар отбасы лайық деп танылды
Айта кетейік, биыл ауданда осымен он бірінші рет ұйымдастырылған байқауға 31 отбасы ниет білдіріп, конкурс талаптарына сай 8 әулет қатысуға жолдама алды.
Комиссия шешімімен үздік деп танылған 2 отбасының құжаттары облыстық кезеңге ұсынылды.
Өткен жылғы байқауда облыстық кезеңнің жеңімпазы – Мақпалкөл ауылдық округінен Бектаевтар әулеті республикалық кезеңде де топ жарып, лауреат атанған болатын.
Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі