Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Өлмейтұғын артында із қалдырған» тақырыбында рухани кеш өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларының құрметіне орай ұйымдастырылған шара Қасиетті Құран аяттарымен ашылып, қонақтардың назарына ұлы ақынның өмірінен тағылымды қойылымдар, өнегелі өлеңдерінен үзінді, бейнероликтер ұсынумен жалғасты. Және де ҚМДБ, «Әйелдер-қыздар» секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Л.Сыдықова мен облыстық тілдерді дамыту орталығының тіл маманы Ә.Бақытқызы Абай атамыздың өмірінен қызықты деректер келтіре отырып, насихат айтты.

Сонымен қатар, көрермендер арасында “Ойлан тап” ойыны ойнатылып, дұрыс жауап берген белсенді жамағатқа Абай атамыздың қара сөздері мен поэмалары жинақталған кітапшасы тарту етілді.

Тағы да оқыңыз: